«Көрнекі ақпаратқа — сауаттылық!»: Теміртауда кезекті рейд өтті
Теміртау қаласында көрнекі ақпараттың заң талаптарына сәйкестігін бақылауға бағытталған кезекті рейд ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қала аумағындағы сыртқы жарнамалар, дүкен маңдайшалары, хабарландырулар мен түрлі ақпараттық жазбалардың мазмұны мен рәсімделуіне мониторинг жүргізілді.

Рейдтің негізгі мақсаты – көрнекі ақпарат мәтіндерінде мемлекеттік тілдің дұрыс әрі сауатты қолданылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуын түсіндіру. Мамандар нысан иелеріне жарнама мен маңдайша мәтіндерін безендіру кезінде тілдік нормаларға, орфографиялық сауаттылыққа және ақпараттың ресми талаптарға сай болуына ерекше мән беру қажеттігін айтты.
Тексеру барысында бірқатар нысандарда мәтіндердің қате жазылуы, екі тілдегі ақпараттың мазмұны жағынан сәйкес келмеуі және ресімдеудегі кемшіліктер анықталды. Осындай жағдайда кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған қателіктерді түзету бойынша ұсыныстар берілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

