Ескерту ескерусіз қалмады: заң талаптары жедел орындалды

2026 жылғы 19 мамырда Абай көшесі мен Менделеев көшесі, 17 мекенжайының қиылысында орналасқан «Парацельс» дәріханасында «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы талаптарының орындалуына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында жаңадан ашылған дәріханада тіл заңнамасы талаптарының өрескел бұзылу фактілері анықталды. Атап айтқанда, ғимараттың Абай көшесіне қараған кіреберіс маңдайшасында «МЫ ОТКРЫЛИСЬ» деген жарнама орналастырылған. Сонымен қатар, тауар сөрелерінің бірінде «Акция» деген хабарландыру тек орыс тілінде ілінгені белгілі болды.

Анықталған кемшіліктер бойынша дәріхана қызметкерлеріне тіл туралы заңнаманың талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған хабарландыру үлгілері ұсынылды. Ресурстық тіл орталығы мамандарының әдістемелік көмегімен қажетті ақпараттар екі тілде рәсімделіп, тиісті орындарға орналастырылды.

Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде маңдайшадағы заң талаптарына сәйкес келмейтін жарнама жедел түрде алынып тасталды. Дәріхана әкімшілігі ескертулерге дер кезінде әрекет етіп, көрнекі ақпаратты заң талаптарына сәйкестендіру бағытында қажетті шараларды қабылдады.

Мұндай мониторингтік жұмыстар мемлекеттік тілдің қоғамдық кеңістіктегі қолданысын кеңейтуге және көрнекі ақпараттың заң талаптарына сай рәсімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *