Қайталама мониторинг барысында оң өзгерістер байқалды

2026 жылғы 22 мамырда Теміртау қаласындағы Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан «Мадрид» бизнес орталығында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарының орындалуына қайта мониторинг жүргізілді.

Айта кету керек, аталған нысанда алғашқы мониторинг 2025 жылдың желтоқсан айында өткізіліп, оның қорытындылары әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жарияланған болатын. Қайталама бақылау нәтижесінде бұған дейін анықталған бірқатар кемшіліктердің жойылғаны және көрнекі ақпараттың заң талаптарына сәйкестендірілгені анықталды.

Сонымен қатар, мониторинг барысында №10 кабинетке жаңадан орналасқан жалға алушының ақпаратты тек орыс тілінде орналастырғаны белгілі болды. Осыған байланысты Ресурстық тіл орталығының мамандары мемлекеттік тілде ақпаратты дұрыс рәсімдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті әдістемелік көмек көрсетті.

Мұндай мониторингтер көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік тілдің қоғамдық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *