«Катрин» сауда үйінде тіл туралы заң талаптарының бұзылуы анықталды

Қаламыздың Мира даңғылы бойында орналасқан «Катрин» сауда үйінде 2026 жылғы қаңтар айында жүргізілген мониторинг барысында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды.

Мониторингтің негізгі мақсаты – көрнекі ақпараттың, жарнама мен қызмет көрсету саласындағы жазбалардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Тексеру барысында тіл заңнамасының талаптары толық сақталмағаны белгілі болды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21 және 23-баптарына сәйкес нысан иесіне қатаң ескерту жасалып, кәсіпкердің назарына тиісті ақпарат жеткізілді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жою үшін нақты уақыт берілді.

Осындай түсіндіру және мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, кәсіпкерлік нысандарда тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *