«Балтика» дүкенінде тіл туралы заң талаптарының бұзылуы анықталды
Мира даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан «Балтика» азық-түлік дүкенінде 2026 жылдың ақпан айында жүргізілген мониторинг барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды.

Мониторингтің мақсаты – көрнекі ақпарат пен қызмет көрсету саласында тіл заңнамасының сақталу деңгейін бақылау, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Тексеру барысында заң талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар кемшіліктер анықталды.
Аталған фактіге байланысты нысан қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы тіл заңнамасының талаптары түсіндіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кәсіпкердің назарына ақпараттық материал ұсынылды. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті мерзім белгіленді.
Осындай мониторингтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, көрнекі ақпараттың заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытындағы түсіндіру шаралары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

