Көрнекі ақпарат заң талаптарына сәйкестендірілді
2026 жылғы 19 мамырда Теміртау қаласындағы Менделеев көшесі, 17-үйде орналасқан «Парацельс» дәріханасында көрнекі ақпараттың «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында заңнама талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар кемшіліктер анықталып, мекеме әкімшілігіне әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, анықталған олқылықтарды түзету үшін белгілі бір уақыт берілді.
Ал 25 мамыр күні аталған дәріханада қайта бақылау мониторингі өткізілді. Нәтижесінде дәріхана әкімшілігі берілген ұсынымдарды назарға алып, деректемелер мен көрнекі ақпаратты тіл туралы заңнама талаптарына толық сәйкестендіргені анықталды.
Бұл жұмыстар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге және көрнекі ақпараттың заң талаптарына сай рәсімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.

